Пәкістан National Geographic мұқабасына жарияланған суретімен танымал ауған әйелін босататын болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Пәкістанның ішкі істер министрлігі 12 жасында National Geographic журналында суреті жарияланып, әлемге танымал болған Шарбат Гула есімді ауған әйелін босататын болды, деп хабарлайды Би-би-си.

Еске сала кетейік, ол өткен аптада тұтқындалған болатын. Билік оған жалған құжатпен ел аумағында тұрып жатыр деген айып таққан еді. Әйел болса, бұл айыппен келіспейді, тіптен жоққа шығарады.

Министр Чаудри Нисар бұндай қадамға гуманистік көзқарас тұрғысынан барып отырғандарын, алайда істің бұнымен тоқталмайтынын, себебі оған бірнеше шенеуніктің қатысы бар болуы мүмкін екендігін айтады.