Полицейлер ұстаған әйел әлі де пәкістандық түрмеде отыр.
Куәгерлердің айтуынша, Гамба қаласының полиция қызметкерлері елдің оңтүстігінде ер адам мен әйелді некесіз жыныстық қатынасқа түскені үшін оларды полиция учаскесіне дейін тырдай жалаңаш баруға мәжбүрлеген. Осылайша, оларды жазалаған.
Ұялы телефонға түсірілген видеода құқық сақшылары ер кісіні ұрып-соғып жатқаны, ал әйел оған киінуге рұқсат беруді өтініп жатқаны анық көрінуде.
Туындаған дау-дамай мен қоғамның наразылығынан кейін билік полиция қызметкерлерін міндеттерінен босатуға шешім қабылдады.