Өз мәлімдемесінде пәкістандық премьер рамазан айының қасиетін бақылау үшін осындай шешімге келгенін айтты.
Осы жылғы 10 наурызда Пәкістан билігі өлім жазасында мораторийді толықтай алып тастау шешімін қабылдаған болатын.
Хижра күнтізбесінің тоғызыншы айы. Бұл айда мұсылман бір ай бойы ораза тұтады. Яғни, таңсәріден күн батқанша ішіп-жеуден, жыныстық қатынасқа барудан, түрлі жаманшылық атаулыдан өзін пәк ұстап, күнә істерді тоқтатады.
Рамазан айт мерекесімен аяқталады.