Басылымның дерегіне сүйенсек, бұл үкім мұсылман дәстүріне сай еместігін айтып, оған тыйым салуды сұраған авторлардың петициясын қарағаннан кейін шыққан. Билік БАҚ өкілдеріне аталмыш мерекені жарнамалауға тыйым салды.
Католиктік және протестанттық дін ұстанушылар жыл сайын 14 ақпан - Әулие Валентин күнін Ғашықтар мерекесі ретінде тойлайды.
Қазақстанда жастар арасында Ғашықтар күні 15 сәуірде - Қозы Көрпеш-Баян Сұлу күні деп аталып өтіледі.
Фото: © AP Photo/ Anjum Naveed