Осылайша ол ел тарихында СІМ-нің ең тұңғыш әйел-басшысы атанды, деп хабарлайды Синьхуа Пәкістан СІМ-де жарияланған хабарламаға сілтеме жасап.
Хабарламада көрсетілгендей, 19 шілдеде өткен Хина Раббани Хардың қызметіне тағайындалу салтанатын президент міндетін атқарушы, сенат төрағасы Фарук Хамид Наек басқарған, себебі Асиф Әли Зардари ресми сапармен Ауғанстанда жүр.
Хина Раббани Хар жақын арада өз елінің делегациясын басқарып, Индонезияда өтетін АСЕАН форумына қатыспақ, сонымен қатар іс-сапармен Үндістанға барып, Үндістанның сыртқы істер министрі Соманахалли Маллайа Кришнамен екіжақты келіссөз өткізеді.
34 жасар Хина Раббани Хар Пәкістан тарихында СІМ-нің тұңғыш әйел әрі ең жас басшысы атанды.