Пәкістан тәлібтері Ислам мемлекетіне қолдау білдірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Пәкістандағы «Талибан» қозғалысының өкілдері Сирия мен Ирактағы «Ислам мемлекеті» содырларын қолдайтынын мәлімдеді, деп хабарлады Би-би-си.

Құрбан айт мерекесіне байланысты жыл сайынғы мәлімдемесінде тәлібтер жауларға - АҚШ басқарған коалиция қатысушы елдеріне қарсы күресіп жатқан Ислам мемлекеті содырларының әрекетін мақтаныш ететіндіктерін білдірді

«Талибан» өкілдері сондай-ақ «Ислам мемлекетінің» жиһадшыларына қолдан келетін көмекті беруге әзір екенін мәлімдеді.

Пәкістандағы Би-би-си тілшісі Пешавар қаласындағы «Ислам мемлекеті» жақтастарына үнпарақтар таратқаннан басқа содырлар топтарының арасындағы ынтымақтастықты куәландыратын нақты мысалдар әзірге жоқ екенін хабарлады.