«Әйел адамның шариғат сотына қазы болып тағайындалуына орай кеше өткен ант қабылдау рәсімі, шынымен, тарихи оқиға болды»,- деді Пәкістанның федералды шариғат сотының бас қазысы Аға Рафик Ахмет. «Конституцияда әйел адамның шариғат сотының қазысы болып қызмет істеуіне тыйым салынбаған. Бұған қоса, ерлер мен әйелдердің арасында қандай да бір теңсіздік болған емес»,- деп мәлімдеді ол сөзінің соңында.