Пәкістан Үкіметінің Экономикалық қатынастар бөлімі (EAD) Пәкістан Техникалық Көмек Бағдарламасы (PTAP) шеңберінде EAD 2018-2019 ж. Қазақстан Республикасының студенттеріне келесі бағдарламалар бойынша 2 грант бөледі:
- Фармацевтика докторантурасы - 1
- Инженерия бакалавриаты - 1
Бағдарламалар талаптары төменде көрсетілген:
|
Мамандық |
Пәндер |
Баға |
|
Инженерия ғылымы бакалавриаты |
Ағылшын тілі, Физика, Химия және Математика |
НЕМЕСЕ Бір жылдық Ағылшын тілі курсын аяқтаған жөніндегі Заманауи Тілдер Ұлттық Университеті (NUML) сертификаты. |
|
Фармацевтика докторантурасы |
Ағылшын тілі, Физика, Химия және Биология |
HSSC - та бағалар ең кемінде 60% немесе Ішкі Басқарма Төрағалар Комитетінен (IBCC) балама |
Жаңартылған / соңғы үлгідегі өтінім формасы EAD www.ead.gov.pk сайтынан жүктеліне алады және форманы компьютерден теру немесе шығару дұрысырақ, сондай-ақ осы Елшілікке 2018 ж. 20 қазанына дейін төменде берілген құжаттардың расталған көшірмелерімен бірге 4 данада тапсырылуы қажет:
- HSSC емтиханы сертификаты / Үлгерім табелі
- Соңғы түскен төлқұжаттағы фото көлеміндей фото (4 дана)
- Тапсырушының төлқұжат көшірмесі
- Исламабад қ. Ішкі Басқарма Төрағалар Комитетінің (IBCC) Секретарь атынан берілген балама сертификат
- MCAT, SAT-II баллдары көшірмелері
- Аттестациялық емтиханда оқу тілі Ағылшын тілі болмаған жағдайда B.S. C. Инженерия / MBBS / BDS түсу үшін TOEFL немесе IELTS баллдары қажет
- Пәкістанның Медициналық және Стоматологиялық колледждеріне түсуге үміткер кандидаттар РТАР-ға өтініш беру кезінде Пәкістанның басқа медициналық / стоматологиялық колледжінде оқымауы.
Оқытуға арналған құжаттар Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Елшілігінде ұсынылады. Қабылдау туралы сұрақтар бойынша толық ақпаратты келесі байланыстар арқылы біле аласыз
+7 7172 799374; +7 7172 799375; (+9251) 226-29-20