Пәкістанда 10 шетелдік туристі өлтіріп кетті

АСТАНА. 23 маусым. ҚазАқпарат - Пәкістанның солтүстігінде Гилгит-Балтистан провинциясында содырлар 10 шетелдік туристі атып кетті,

деп хабарлады Reuters агенттігі провинция полициясының басшысына сілтеме жасап.

Құқық қорғау органы өкілінің айтуынша, содырлар қонақүйге баса-көктей кіріп, алдынан шыққан адамдарға оқ жаудырған. Қаза болғандардың азаматтығы әзірге белгісіз. Бейресми деректерге сүйенсек, зардап шеккендердің ішінде ресейліктер де бар.