Пенджаб провинциясындағы, елде үлкендігі жағынан үшінші орындағы Фейсалабад қаласында үлкен алауға батпырауық, оны ұшыруға пайдаланылатын керме сым және пластик жіптер лақтырылды.
Керме темір батпырауық ұшырушыға және оның маңындағыларға залал келтіреді деп саналады.
Пенджабта көп жылдан бері батпырауық ұшыруға тыйым салынған. Алайда жергілікті тұрғындар оны ешкім сақтай бермейді, әсіресе көктемге «Базант» мерекесі қарсаңында тыйым ұмыт болады.