Пәкістанда «Әл-Кайеданың» үш лауазымды мүшесі ұсталды

АСТАНА. 5 қыркүйек. ҚазАқпарат - Пәкістанда «Әл-Кайеда» лаңкестік тобының үш лауазымды мүшесі ұсталды. Бұл туралы Пәкістан әскерінің баспасөз қызметі таратқан ресми мәлімдемеден белгілі болды,

деп хабарлады РБК.

Құжатта айтылғандай, лаңкестер Ауғанстанмен шекаралас орналасқан Кветта қаласында ұсталды. Операция американдық барлау қызметінің техникалық қолдауының арқасында жүргізілді, делінген хабарламада.

Ұсталғандардың бірі Юнис әл-Мауритани екені анықталды. Тергеу болжамына сай, ол «Әл-Кайеда» лаңкестік тобының басшысы Усама бен Ладеннің тапсырмаларын орындаған.