АСТАНА. 22 сәуір. ҚазАқпарат - Пәкістанда апатқа ұшыраған жолаушылар лайнерінің құрбандары 138 адамға жетті, деп хабарлады РБК.
Олар борттағы барлық жолаушылар мен экипаж мүшелері, сондай-ақ ұшақ үстіне құлаған үйлердің тұрғындары. Апат орнында шұғыл қызмет орындары жұмыс істеуде. Лайнердің қирандыларының астынан қаза болған адамдардың денелерін шығаруда.
Пәкістанның ресми өкімет орындарының хабарлауынша, лайнердің қара жәшігі табылған, енді оны тиісті орындарға авиаапат себептерін анықтау үшін жөнелтеді.
Естеріңізге сала кетейік, 20 сәуірде кеште Пәкістанда жеке авиакоимпанияның Boeing 737 ұшағы апатқа ұшырады. Бұдан бұрын баспасөзде 127 адам: 118 жолаушы мен 9 экипаж мүшелері қаза болған хабарланған еді. Карачи-Исламабад бағыты бойынша рейстерді атқарып жүрген ұшақ Пәкістан астанасындағы әуежайдың іргесіндегі Чаклала авиабазасының маңында апатқа ұшыраған. Ұшақ 27 жылдан бері қолданыста болғаны хабарланған. Апатқа сонымен қатар күшті нөсер жауып, жасын түсуі себеп болуы мүмкін.