Пәкістанда әскери тікұшақ құлап, 9 адам қаза тапты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Пәкістанның солтүстік-батысында әскери тікұшақтың құлап, салдарынан кем дегенде 9 адам қаза тапты. Тікұшақ бортында 12 адам болған, үшеуінің жағдайы әзірге белгісіз, деп хабарлайды ВВС.

Әскери медицина қызметкерлерін тасымалдаушы Ми-17 тікұшағы Хайбер-Пахтунхва провинциясының таулы аймағына құлаған.

Пәкістан әскері өкілінің хабарлауынша, тікұшақтың құлауына техникалық ақау себеп болған.