Қаза тапқандардың бесеуі – экипаж мүшелері, депхабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА The News International сайтына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға сейсенбінің таңында болған.
Пәкістан армиясы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, шағынәскери ұшақ сынақ кезінде апатқа ұшыраған. Ұшақ құлаған жерде алапат өрт шығып,сол маңдағы үйлер отқа оранған.
Апат себептері анықталып жатыр.
Құтқарушылардың айтуынша, ұшақ тұрғын үйлердің үстінеқұлаған. Үйінділердің астынан 18 адамның денесі шығарылды.
Тағы 12 адам жарақат алған. Олардың барлығыРавалпиндидің Holy Family және DHQ ауруханаларына жеткізілген. Тексеру үшінқаза тапқандардың денесі де сонда жіберілген.
Еске сала кетейік, Пәкістандағы ең жантүршігерлік ұшақапаты 2010 жылы болған. Сол кезде Карачиден шыққан Airbus 321 лайнері Исламабадмаңындағы қырға тұмсығымен қадалған еді. Апат салдарынан ұшақ бортындағы 152 адамныңбірі қалмай қаза тапқан.