Пәкістанда ауруханада жарылыс болып, 30 адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Пәкістанның Кветта қаласындағы ауруханада жарылыс болып, 30 адам көз жұмды, 50-ден астам адам жарақат алды, деп хабарлайды РИА Новости

Жарылыс дүйсенбі күні таң ата, Белуджистанның адвокаттар алқасы Қауымдастығының бұрынғы президенті Біләл Әнуар Касидің өлімінен бірнеше сағат өткен соң болған.

Заңгердің денесі ауруханаға жеткізілді. Медициналық мекемеге марқұмның әріптестері, таныстары, журналистер жиналғанда, аурухана жарылған. Қаза тапқандар арасында, пәкістандық Aaj TV телеарнасының операторы Шахзад Хан бар, тағы бір БАҚ қызметкері жараланған.

Полиция мәліметтері бойынша, жарылыстан кейін белгісіз біреу оқ атқан. Қауіпсіздік қызметі аурухананы қоршауға алды, дабыл қағылды. 

Фото: © AP Photo/ Arshad Butt