АСТАНА. 23 наурыз. ҚазАқпарат - Пәкістанда автобустың электр желісі бағанасына соғылып, аударылуы салдарынан 32-ден кем емес адам қаза болды, деп хабарлады Ассошиэйтед Пресс полиция өкіліне сілтеме жасап.
Зулификар Чимнің сөзіне қарағанда, жол-көлік оқиғасына жылдамдықты шектен тыс асырған жүргізушінің алаңғасарлығы себеп болған.
«РИА Новостидің» жазуынша, аталған көлік Лахорадан Файсалабадқа бағыт алған көрінеді. Автобуста барлығы қанша адам болғаны хабарланған жоқ.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.