«Жарылыс бақылау бекеті ғимаратының жартысын жойып жіберді. Жанкешті жарылыс құрылғысын жасыру үшін суға арналған бөшкені пайдаланған», - деп мәлімдейді Пәкістанның құқық қорғау органдары қызметкерлерінің бірі құпия түрде.
Лаңкестік үшін жауапкершілікті әзірге ешкім мойнына алған жоқ.
Солтүстік Уәзірстан - орталық үкіметпен дүрдараз қарым-қатынастағы пуштун тайпалары бақылайтын Пәкістан мен Ауғанстан шекарасындағы өңір.