Пәкістанда бірнеше дүркін лаңкестік жасалды: 25 адам көз жұмып, 170-тен астамы жараланды

None
АСТАНА. Қыркүйектің 2-сі. ҚазАқпарат - Пәкістанда бірнеше дүркін лаңкестік жасалды: 25 адам көз жұмып, 170-тен астамы жараланды.

Мұсылман-шейіттердің шеруі кезінде үш рет қатарынан жарылыс болды. Полицияның келтіріп отырған мәліметтері бойынша, лаңкестікті оңшыл бағыттағы сүнниттік топтардың жанкештісі жүзеге асырған. Ол білдірмей нөпір халықтың ортасына кіріп барып, өзін-өзі жарып жіберген, деп жазады Вести. Ру.

Жарылыстан кейін де ашу-ызаға булыққан шеруге қатысушылар жақын маңдағы полиция учаскесіне шабуыл жасап, бірнеше машинаны жағып жіберген. Көшедегі аласұрған топты тек көзден жас шығаратын газдың көмегімен ғана қуып таратуға мүмкіндік болды. Пәкістан үкіметі лаңкестікті ұйымдастырғандарды табуға уәде берді, деп хабарлайды "Россия 24″ телеарнасы.