Ақсақалдармен бірге қыздың шешесі және ағасы қамалды. Олар жаза берілуді қолдаған әрі соның орындалуын қарап тұрған. Тайпа (жирги) кеңесінің мүшелері қыз өз әрекетімен тайпаны қарабет қылды деп санаған.
«Қызды ауылдан алыс жерде өткен ақсақалдары кеңесіне әкелген. Оған есірткі беріп есінен танып қалғанда, жастардың қашуына пайдаланылған шағын автобусқа отырғызып, қол-аяғын байлап, үстіне бензин құйып көлікпен бірге өртеп жіберген», дейді ауданның полиция басшысы Саид Вазир.