Жалпы алғанда, дәрілік препарат жергілікті ауруханалар мен емханалардың 25 мыңнан астам емделушілеріне жазылған. Ең бастысы - ол жағдайы төмен емделушілерге тегін берілген, дәріні тұтынушылар санының көптігін осымен түсіндіруге болады.
Бұл дәріні ішкеннен кейін өздерін нашар сезінген адамдар Лахор ауруханаларына шағымдармен келулерін жалғастыруда.
100-ден астам адамның қайтыс болу фактісі бойынша жергілікті құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғады. Сапасыз фармакологиялық өнімді шығарушы компания аталмайды, бірақ хабарламада оның тергеу аяқталғанша жабылғандығы айтылады.
Естеріңізге сала кетейік, 2011 жылдың желтоқсан айының ортасында көршілес Үндістанда 100-ден астам адам сапасыз алкогольмен уланып, көз жұмған еді. Бұл елде мұндай оқиға бұдан бұрын да болып келгенікте, бірқатар үнді штаттарында алкогольді заңсыз тарату және шығару үшін өлім жазасы белгіленді.