Пәкістанда екпе жасаған дәрігерлер өлтірілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Пәкістан арнайы қызметінің өкілдері полиомиелитке қарсы екпе жасаған медицина қызметкерлерінің қаза тапқаны туралы хабарлады.

Олардың сөзіне қарағанда, Белуджистан провинциясында өткен аптада дәрігер, көлік жүргізушісі мен екі күзетші ұрланған. Бүгін олардың мәйіттері табылды.

Пәкістанда исламистер екпе жасауға рұқсат бермейді. Өйткені олар медицина қызметкерлері балаларды улағысы келеді деп ойлайды немесе оларды шетелдік тыңшылар деп есептейді.