Бұл туралы жергілікті әскерилерге сілтеме жасаған Reutersсо хабарлайды.
Агенттіктің ақпаратынша, сарбаздар қоршаған ғимараттың ішінде 500-дей студент пен оқытушы бар. Училищенің маңында атылған оқ дыбыстары естіледі.
Agence France-Presse-тің хабарлауынша, екі жасөспірім өлтіріліп, тағы 25-і жарақаттанған.
Болған оқиға үшін жауапкершілікті исламдық «Техрик-е Талибан Пәкістан» қарулы ұйымы мойнына алды. Олардың өкілі Мухаммед Хорасанидің мәлімдеуінше, басқыншылардың арасында жанкешті-лаңкестер де бар.