Бірінші шабуыл «Джамиат Улема Ислам-Фазл» партиясының көшбасшысы мінберде сөйлеп тұрған кезде басталған. Атыстан екі адам қаза тауып, саяси қайраткердің өзі аман қалған. Екінші қарулы шабуыл, орталық базарда болған. Белгісіз біреу базарда оқ атып, алты адамды өлтірген. Кейін тексере келе, қаза тапқандардың барлығы хазарлық шиғалар екені анықталды.