Пәкістанда қатты жер сілкінісі болды
07:58, 19 Қаңтар 2011
АСТАНА. 19 қаңтар. ҚазАқпарат - Пәкістанның оңтүстік-батысында бүгін түнде 7,4 балдық жер сілкінісі болды,
деп хабарлайды АҚШ-тың Геологиялық қызметі. Жергілікті уақыт бойынша 01.23-те (астана уақыты бойынша 03.23-те) болған жерасты дүмпулерінің кіндігі Далбандин қаласының батысына қарай 55 шақырым жерде тіркелген. Зілзала ошағы 10 шақырымдай тереңдікте орналасқан.
Ықтимал адам құрбандықтары мен қираулар туралы әзірге ақпарат түскен жоқ.