Пәкістанда Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған мерекелік қабылдау болып өтті

None
АСТАНА. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат - 2011 жылдың 7 желтоқсанында Исламабад қаласында Қазақстан Елшiлiгi «Serena» атындағы ең фешенебельді қонақ үйінде Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiгiне 20 жыл толуына орай қонақасы ұйымдастырылды,

деп хабарлады ҚР-сының Пәкістан Ислам Республикасынындағы Елшілігінің баспасөз қызметі.

Салтанатты шараға Пәкістан үкiметінiң мүшелерi, Парламент депутаттары, белгiлi қоғам қайраткерлері, дипломатиялық және халықаралық ұйымдардың басшылары, өнер, әдебиет, ғылым қайраткерлерi, iскер топтар, сонымен бiрге елдің жетекші БАҚ өкiлдерi, 500-ден астам адам қатысты.

Кештің құрметті қонақ ретінде, көрнектi қоғамдық-саяси қайраткер, сенатор Мұхаммад Шах Африди болды.

Қонақтар Қазақстан өмiрiндегi негiзгi оқиғалармен таныс болды. Тәуелсiздiктің 20 жылы бойы елдiң барлық салалардағы ең маңызды табыстар және екi жақты қазақстан-пәкістан қатынастарының дамуындағы басымдылық жайлы әңгіме қозғалды.

Жалпы әлемде де, аймақта да қауіпсіздікке, тұрақтылыққа бағытталған іс-қимылда Қазақстан Ислам ынтымақтастық ұйымына төрағалығы шеңберінде елеулі бастамаларға мұрынық болып отырғаны айтылды.

Қабылдау кезінде қазiргi Қазақстан туралы деректі фильмдер көрсетілді. Тәуелсiздiк жылдары бойы қол жеткізілген бiздiң ел жетiстiктері туралы фотокөрме ұйымдастырылды. Қонақтардың арасында ҚР Президентінің жыл сайынғы жолдауы туралы кiтапшасы, Қазақстан туралы кiтаптар, кәдесыйлар және ҚР Елшiлiгiнiң мақалалары, газеттер мен журналдар таратылған.

Шараға қатысушылар тәуелсiздiк 20 жылдар бойы Президент Н.Ә.Назарбаев басшылығымен Қазақстанның халықаралық аренада беделі арта түскен атап өтті және қазақстандықтарға жаңа табыстарға жетуіне тілек білдірген жылы лебіздер айтылды.