Пәкістанда қазақстандық арнайы жасақтың жауынгерлік қабілеттілігі бағаланды
«ҚазАқпарат» ХАА тілшісінің хабарлауынша, оған екі елдің 100-ден астам арнайы жасақ әскери қызметшісі қатысып, 70 әскери және арнайы техника жұмылдырылған.
Қазақстандық әскери қызметшілер екі апта бойы пәкістандық әріптестерімен лаңкестікке қарсы күрес бойынша тәжірибе алмасты. «Достарым-2017» жиынының қорытынды кезеңінде Пәкістан армиясының басшылығына «Слаживание групп» топтық жаттығуларды қамтыған тактикалық арнайы дайындық көрсетілді.
Қазақстан-Пәкістан бірлескен әскери оқу жаттығуы аяқталған соң ПИР ҚК-нің лаңкестікке қарсы бөлімшесінің басшысы генерал Чирах Қазақстан әскери арнайы жасағының жоғары дайындық деңгейі мен кәсібилігін атап өтті. Оның сөзіне қарағанда, Пәкістан тарапы бұдан кейін де әскери-саяси салада тәжірибе алмасуға әзір екенін білдірді.