Пәкістанда Құранды өртеген күдіктіні бензин құйып, жағып жіберді

АСТАНа. 5 шілде. ҚазАқпарат - Пәкістанда  ереуілге шыққан бір топ адам полиция бөлімшесінен Құранды өртеп жіберген күдіктіні күшпен алып кетті.

Ол Пенджабтың пәкістандық бөлігінде орналасқан Бахавалпур қаласының шет аймағында Құранды өртен жіберді деп айыпталуда.

Куәгерлердің сөзіне қарағанда, бір топ адам полиция бөлімшесіне баса көктеп кіріп, «күдіктінің» сазайын бермек болған. Айта кетейік, Пәкістанда мұсылмандардың діни сезімін қорлағаны үшін өлім жазасына кесілетін заң бар. Дегемен бұл заңның қолданылуы сирек кездеседі.

Көп ұзамай полиция бөлімшесінің алдына ашуға булыққан мыңдаған адам жиналды. «Олар күдіктіні бүкіл халықтың алдында жазалауды талап етті, олай болмаған жағдайда оны алып кетіп, өздері өлтіретіндіктерін айтты», -деді полиция инспекторы Би-Би-Си-ге берген сұхбатында.

Полиция адамдарды тыныштандыру үшін көз жасауратқыш газ қолданды. Бірнеше полицей жарақаттанды.

Адамдар полиция қызметкерлерінің жолын бөгеп, болжам бойынша күдіктіні Құранды өртеп жіберген жерге әкеліп, үстіне бензин құйып, жағып жіберген.

Адам өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Әзірге ешкім қамауға алынған жоқ.