Бомба қойылған автокөліктің жарылысы салдарынан 100-ге жуық адам қаза тапты. Жараланғандардың саны 240 адамнан асады. Қаза тапқандар мен жаралылардың ішінде балалар мен әйелдер көп, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.
Қуатты бомбаның Пешавардың адам көп жиналатын базарларының бірінде жарылуы осыншама кісі құрбандығына әкеліп отыр. Жарылыс салдарынан жақын жерде тұрған ғимараттардың бірі толық қираған. Жарылыс құрылғының қуаты 120 келі тротилге тең, дейді сарапшылар.