Пәкістанның солтүстік батысында Мардан қаласында лаңкестікке жауапкершілікті Талибан қозғалысымен байланыстағы "Джамат-уль-Ахрар" лаңкестік тобы мойнына алды, деп хабарлайды РИА Новости. Топ сондай-ақ Лахордағы "Гульшан-е-Икбал" саябағындағы лаңкестікке жауапкершілікті өз мойнына алды. Онда 70-тен астам адам қаза болған. Қайтыс болып, жараланғандардың саны 300-ден асты, оның басым бөлігі - әйелдер мен балалар.
20:03, 19 Сәуір 2016
Пәкістанда лаңкестік орын алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Пәкістанда жанкешті лаңкес салық жинау департаментінің ғимаратына басып кіріп, адамдарға қарсы оқ жаудыртты, артынша өз-өзін жарып жіберді. Бір адам қайтыс болғаны, 23 адамның жарақат алғаны хабарланды.