Пәкістанда лаңкестік салдарынан 42 адам қаза тапты

АСТАНА.  Қарашаның 11-і.  ҚазАқпарат - Сейсенбі күні    Пәкістанның  солтүстік-батысындағы Чарсадда  қаласында        жасалған  лаңкестік  әрекеттің салдарынан  қаза тапқандардың саны 42 адамға жетті,

деп хабарлайды  ИТАР-ТАСС агенттігі.

100-ге  жуық  адам жарақат  алды.  Қаза тапқандардың  арасында - базарлап жүрген  әйелдер,     тағы бірнеше  бала бар.

Полиция өкілінің айтуынша,  бомба    жолдың  шетінде тұрған  жеңіл көлікке   қойылған  болып шықты.      Лаңкестік  үшін жауапкершілікті «Техрик и  талибан  Пәкістан»   қозғалысының     содырлары     өз мойындарына алып   отыр.

Чарсадда қаласындағы   лаңкестікке  байланысты Пәкістан  полициясы мен арнайы     қызметтерінің барлық күштері   жоғары дайындық  жағдайына келтірілді.