Пәкістанда лаңкестік салдарынан екі адам мерт болды

None
АСТАНА. Желтоқсанның 24-і. ҚазАқпарат - Пәкістанның солтүстік-батысында жарылыс салдарынан екі адам мерт болды, тағы алтауы жарақат алды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК сайтына сілтеме жасап.

Жергілікті билік өкілдерінің хабарлауынша, екі лаңкес-жанкешті Пешавар қаласындағы жолдардың бірінде, пәкістандық мемлекеттік авиакомпания ғимаратының жанында өздерін жарып жіберген.Қазіргі уақытта пәкістандық құқық қорғау органдарының өкілдері жарылыс болған орынды қоршап алды. Оқиғаның мән-жайы тергелуде.