20:24, 05 Маусым 2009
Пәкістанда мешітте жарылыс болып, 30 адам қаза болды
ИСЛАМАБАД. Маусымның 5-і. ҚазАқпарат – Пәкістанның солтүстік-батысында мешітте бомба жарылуы салдарынан 30 адам қаза тапты, тағы 50 адам жарақаттанды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру агенттігіне сілтеме жасап.Полицияның хабарлауынша, қайғылы оқиға жұма намазы кезінде болған. Болжамдардың бірінде жанкешті-лаңкес өзін жарып жіберді делінген. Алайда куәгерлер бомба ғимаратта болған деген уәж айтады.