Ведомствоның хабарлауынша, Пәкістанның шығысындағы Пенджаб провинциясы ең көп зардап шеккен аймақ болды. Онда қатты жаңбырдан туындаған су тасқынынан кем дегенде 52 адам көз жұмған.
Бұдан басқа, бүкіл ел бойынша су тасқыны кезінде кем дегенде 97 үй қирап, 46 бас мал қырылды.
Қазіргі уақытта үкімет, коммерциялық емес ұйымдар мен еріктілер зардап шеккен аудандарда құтқару жұмыстарын жүргізуде.