Пәкістанда оннан астам содырдың көзі жойылды, 150-дейі тұтқынға алынды

None
АСТАНА.  Желтоқсанның  3-і.  ҚазАқпарат -  Пәкістанның   солтүстік-батысында  арнайы   операциялардың барысында   соңғы тәулікте       15 содырдың   көзі  жойылып, 150-ден  астамы   тұтқынға  алынды.

  Бұл туралы     бейсенбі күні пәкістандық жекеменшік   Aaj TV  телеарнасы   жергілікті   өкімет өкілдеріне   сілтеме  жасап хабарлады.

Операция     тәлібтерді  қолдаушы    топтар   белсенді әрекет ететін  Сват  алқабының   таулы аудандарында    жасалған.   Ресми  мәліметтер бойынша,   көзі жойылған  содырлардың  ішінде     іздеуде  жүрген    атақты дала  командирі  Әбу  Фирадж   бар.