Тағы 5 бала жарақат алды. Бұдан басқа, арба-көліктің жараланған бір жүргізушісі ауруханада көз жұмған. Жергілікті полиция өкілінің мәлімдеуінше, рикшаның тізгіншісі келе жатқан пойыздың жылдамдығына назар аудармаған.
Бұған бір жағынан тұман да кедергі жасағанға ұқсайды. Оның үстіне шойын жол мен көлік өтетін қиылыста шлагбаум қойылмаған. Апатқа байланысты машинисттің көмекшісі мен пойыздың қиылыстан өту тәртібіне жауапты қызметкер қамауға алынды.