Пәкістанда пойыздардың соқтығысуы салдарынан 4 адам қаза тауып, тағы 150-і жапа шекті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Пәкістандық Пенджаб провинциясында пойыздардың соқтығысуы салдарынан 4 адам қаза тапты, тағы 150 кісі жапа шекті. Бұл туралы бейсенбі күні пәкістандық Geo TV телеарнасы хабарлады, деп жазды ТАСС.

Оның мәліметінше, оқиға Мутлан (Пенджаб провинциясы) қаласының маңында жүрдек және жүк пойыздардың соқтығысуы салдарынан орын алды. Ондаған адам зақымданған вагондардың ішінде қамалып қалғаны айтылды.

Болған оқиғаның мән-жайы әзірге белгісіз.