Пәкістанда сел тасқыны құрбандарының саны 1100 адамға жетті

АСТАНА. Тамыздың 2-сі. ҚазАқпарат - Пәкістанда сел тасқыны салдарынан құрбан болғандардың саны 1100 адамға жетті,

тағы 27 мыңнан астам адам көмек күтуде, деп хабарлайды «Эхо Москвы» радиостансысы.

Қаза болғандардың саны бұдан да көбеюі мүмкін, себебі құтқарушылар әзірге кейбір алыс аудандарға жете алмай отыр.

Құтқару операцияларына 43 әскери тікұшақ, 100-ден астам катер жұмылдырылған. Бұған дейінгі ақпараттарда, Пәкістан тарихындағы осынау үлкен сел тасқынында 862 адамның қаза болғаны хабарланған еді. Тағы 150 адам із-түзсіз жоғалғандар санатында.

Құтқарушылар сондай-ақ 14,5 мыңдай үй қирап қалған Сват округінде болған 1,5 мыңдай туристердің қайда жүргенін анықтауға тырысуда.