Адам құқықтары жөніндегі комиссия (NCHR) мәліметтері бойынша, сәрсенбіден бері 17 шіркеуге вандализм актісі жасалған. Шіркеулерге шабуыл Швецияда Құранды өреу әрекеттері орын алған соң басталған.
«Джаранваледе 17 шіркеуге шабуыл жасалды. Олардың 12-сі тіркелген, 5-уі тіркелмеген шіркеулер»,-деп хабарлады Адам құқықтары жөніндегі комиссия өкілдері.
5 мың адамнан құрылған тобыр Джаранваледегі шіркеуді қоршап алып, шабуылдамақ болды. Алайда оларды полиция тоқтатты.
Вандализм әрекеті бойынша тергеу басталды.
Айта кетейік, кейінгі кезде Швеция мен Данияда Құранды өртеу әрекеттері жиіледі.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы конфессияаралық диалогты дамытуға және өшпенділік тілмен күресуге бағытталған қарар қабылдады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Еуропаның бірқатар мемлекетінде болған Құранды өртеу актілерін қазіргі әлемдегі жағдайды шиеленістіруге, халықтар мен мемлекеттер арасындағы сенімге нұқсан келтіруге бағытталған арандатушылық әрекет деп санайтынын айтты.