Пәкістанда содырлар қыз балаларға арналған мектепті жарып жіберді

АСТАНА. Қарашаның 5-і. ҚазАқпарат - Пәкістандық исламистер қарашаның 5-інде Кибер (Khyber) облысында қыз балаларға арналған мектепті жарып жіберді,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат AFP сайтына сілтеме жасап.

Алдын ала деректер бойынша содырлар Бара қаласындағы екі қабатты мектептің іргесіне 25-30 келі жарылғыш қойған. Олар мектептегі 26 бөлменің 8-ін қиратқан. Лаңкестік салдарынан зардап шеккендер туралы әзірге мәлімет жоқ.

Соңғы жылдары Пәкістанда 200-ге тарта, негізінен қыздарға арналған мектептер, қиратылды.