Бүкіл ел бойынша 635 елді мекен су астында қалған, 1800 үй қираған. 294 мың адам апатты аймақта қалған. Су тасқынынан елдің солтүстік-батысындағы провинциялар қатты зардап шекті. Өңірде құтқару операциясы жалғасып жатыр.
Айта кетейік, мұндай алапат су тасқынына муссонды жауындар маусымы себеп болып отыр.