Пәкістанда тағы жарылыс: 6 адам қаза тапты

АСТАНА. 22 қаңтар. ҚазАқпарат - Пәкістанның солтүстік-батысындағы Хайбер-Пахтунхва өлкесінде жарылыс салдарынан полицейлердің шағын автобусының күл-талқаны шығып, кемінде 6 адам қаза тапты, деп хабарлады DAWN пәкістандық газеті.

Басылымның жазуынша, полицейлер жоспарлы шолу жасап жүрген кезде олардың шағын автобусы жанынан жарылыс орын алған. Қаза тапқандардың қатарында 1 бала бар. 9 адам жарақаттанды. Айта кетерлігі, әзірше бұл лаңкестік әрекет жауапкершілігін ешкім мойнына алып отырған жоқ. Жалпы, өткен жексенбіден бері елде бірнеше лаңкестік әрекет орын алып, 10 адам мерт болды.