Пәкістанда той автобусы жыраға құлап, 16 адам көз жұмды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Пәкістан бақылауындағы Паландри, Хаджира елді мекендері арасындағы тас жолда автобус жыраға құлап кетіп, 16 адам ажал құшты.

Бұл туралы France Presse агенттігі хабарлады.

«Апат салдарынан 16 жолаушы қаза тауып, 29 адам зардап шекті, олардың алтауы ауыр жағдайда», - делінген хабарламада.

Автобуста барлығы 50 адам болған. Ал екі жас   апат  кезінде автобуста болған жоқ.