«Шынымен олар ұсталды, кейіннен олар Пәкістанда одан әрі болуы бойынша елдің көші-қон ведомствосына тікелей жүгінуі үшін босатылды. Олар әлі де Пәкістанда», - деді «ҚазАқпарат» тілшісіне оқиғадан хабардар мәлім етуші.
Еске салсақ, қазақстандықтар Гужрат қаласында визалық режімді бұзғаны үшін ұсталды. Олар «ТабдиғМарказы» (Қазақстанда тыйым салынған «Таблиғи жамағат» радикалдық діни қозғалысы жақтастарының оқу орны) семинарында оқып жүрген.
Екі қазақстандықтан басқа, Пәкістанда Суданнан алты азамат, Қытайдан бес, Индонезиядан төрт, Тайланд, Филиппин, Чададан екі-екіден, Малайзиядан бір азамат тұтқынға алынды.