Пәкістанда вакцина егуге қарсы болған 450 адам тұтқындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Пәкістанның солтүстігіндегі Хайбер-Пахтунква провинциясында балаларына полиомиелитке қарсы вакцина егуге қарсы шыққан 471 ата-ана тұтқындалды, деп жазады Би-би-си.

Жергілікті билік оларды балаларына екпе салуға жазбаша түрде келісім берген жағдайда ғана босатамыз деп отыр.

Провинцияда билігі жүріп тұрған Талибан содырлары бұл вакцина балаларды бедеулікке соқтырады деп қауіптенеді.

Айта кетейік, бұған дейін олар вакцина салып жүрген дәрігерлерге әлденеше рет шабуыл жасап, өмірлерін қиған.