Пәкістанда жаңа премьер-министр тағайындалды

АСТАНА. 21 маусым. ҚазАқпарат - Пәкістан президенті Асиф Зардари бүгін ел үкіметінің басшысы лауазымына тоқыма өнеркәсібі министрі болған Махдум Шахабуддинді тағайындады,

деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

Сейсенбі күні Пәкістан Жоғарғы соты елдің Премьер-Министрі Юсуф Гиланиді лауазымды қызметін атқару құқығынан айырып, президентке министрлер кабинетінің жаңа басшысын тағайындау туралы қаулы жіберген болатын.