Арна таратқан мәліметтерге қарағанда, жергілікті тұрғындар цистернадан аққан жанар-жағармайды құйып алуға әрекеттеніп жатқан кезде, кенеттен цистерна өртке оранған.
15:20, 25 Маусым 2017
Пәкістанда жанармай цистернасынан шыққан өрттен 100-ден аса адам мерт болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Пәкістанның Бахавалпур қаласында (Пенджаб провинциясы) жанармай құйылған цистернадан шыққан өрттен 123 адам қаза тауып, 15 адам зардап шекті. Бұл туралы Geo Tv телеарнасына сілтеме жасап ТАСС хабарлады.