Пәкістанда жасалған екі лаңкестік оқиға салдарынан ондаған адам опат болып, жүзге жуығы жарақат алды

АСТАНА. 3 сәуір. ҚазАқпарат - Пәкістанда болған екі лаңкестік оқиғада кем дегенде 30 адам қаза тауып, жүзге жуығы жарақат алды.

Associated Press агенттігіне сілтеме жасай отырып РБК агенттігінің хабарлағанындай, екі жарылыс Дара Гизи Хан қаласындағы Шахи Шарвар діни кешенінде тәуеп етушілер бас қосып жатқан уақытта Пенджаб провинциясының оңтүстігінде болған.

Жарылыс орнын полиция қоршауға алды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендердің нақты саны анықталып жатыр.