Жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша сағат 16:29-да (Гринвич бойынша 11:29-да) орын алды, жер сілкінісінің ошағы 23 шақырым тереңдікте Белуджистанның халқы аз таулы ауданында орналасқан.
Жер асты дүмпулері Карачи, Хайдарабад, сонымен қатар Делиде орын алды. Бұл жер асты дүмпулері Арабия теңізінде су деңгейінің көтерілуіне және Гвадардан 600 метр қашықтықта кішкентай аралдың пайда болуына алып келді.
Аваран округінде үйлердің 30 пайызы қирады.
Белуджистанда жер сілкінісі жиі болып тұрады. Сәуір айында ғана жер сілкінісі салдарынан 35 адам қаза тапқан болатын.