Жергілікті полицияның мәліметінше, шағын рейстік автобус жанармай тасымалдайтын ауыр көлікке соғылған. Екі көлікте қатты соққыдан аударылып қалған.
Әзірге апаттың себебі белгісіз. Ал зардап шеккен жолаушылар жақын маңдағы медициналық мекемелерге жеткізілді. Олардың көбісінің жағдайы ауыр деп бағалануда.
Жергілікті билік көлік апатына қатысты тергеуді қолға алды.