Пәкістанда жолаушылар автобусының шыңырауға құлауы салдарынан 25 адам қаза тапты

АСТАНА. Қыркүйектің 18-і. ҚазАқпарат -Бейсенбі күні Пәкістанда үлкен жол апаты орын алды. Жолаушылар автобусының шыңырауға құлап кетуі салдарынан 25 адам қаза болып, 30-дан астам адам түрлі жарақат алды. Оқиға Кашмир штатының таулы жолдарында болды,

деп    хабарлайды   ИТАР-ТАСС агенттігі.

Жергілікті  полицияның    мәліметтері  бойынша,   әзірге анықталмаған  себеппен  автобус  жолдан шығып  кетіп,   тереңдігі  300 метрлік  шыңырауға құлаған.

Жаралылардың көбісінің  жағдайлары ауыр,  сондықтан да құрбан болғандардың саны әлі көбеюі  мүмкін.